Бостандық ауданының полицейлері велосипедтер мен басқа да мүлікті ұрлады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оның заңсыз 10 әрекетке қатысы барын дәлелдеді.
Ер адам негізінен тұрғын аудандарда ұрлық жасап жүрген: мүлікті қараусыз қалдырғанын пайдаланып, кіреберістерден, аулалардан және көшелерден ұрлық жасаған.
Ол ұрланған велосипедтерді сатып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Құқық бұзушының Алматы қаласында тұрақты тұрғылықты жері жоқ.
Бұған дейін ол осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
— Қала тұрғындарына қырағылық танытып, велосипедтер мен басқа да мүлікті қорғалмаған жерлерде қалдырмау керектігін ескертеміз. Бұл ұрлық құрбаны болу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Біз оның басқа эпизодтарға қатысы бар-жоғын тексеруді жалғастырамыз, - деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.