375
Нығматуллин электр энергиясының бағасын азайтуды ұсынды
Нығматуллин электр энергиясының бағасын азайтуды ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин Энергетика министрлігіне тарифтердің бағасын төмендету туралы сауал жолдады, деп хабарлайды Baq.kz.
Жалпы отырыста "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды. Энергетика министрі Қанат Бозымбав баяндама жасады.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасының "100 қадам" ұлт жоспарының 51-қадамында айтылғандарды еске салды. Төраға 51-қадамға сәйкес Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК) керектігін және тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтуды ұсынды
"Бірден айтайын, алғашқы оқылымға ұсынылған заң жобасы 51-қадамда айтылған мәселелерді толық қамтымаған. Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК) бойынша тек 27 компания ғана біріктірілген" , - деді Н.Нығматулин.
Айта кетейік, 51-қадамда "Өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру (ӨЭК)" энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады делінген.