«Қалаулымға келген қыз»: Жігер Ауыпбаев отбасын құрды

/
«Қалаулымға келген қыз»: Жігер Ауыпбаев отбасын құрды
коллаж: turkystan.kz

Әнші Жігер Ауыпбаев шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде өнерпаздың үйлену тойынан үзінділер жарияланды.

"Бұл – мен үшін ерекше күн. Парақшамнан алыстамаңыздар, тойдың ең қызықты сәттерімен бөлісіп отырамын", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Жігер мен жарына ақ тілектерін жаудырып, пікір қалдыруда.

"Қалаулымға қатысқан қыз Роза екен", "Жігер – нағыз жігіттің сұлтаны, көтерген отауыңыз берекелі болсын", "Жігер мен Роза, бақытты болыңдар!" – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев бұл жолы екінші рет отбасын құрды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары