Жол ортасында төбелескен жүргізушілерге айыппұл салынды

/
Жол ортасында төбелескен жүргізушілерге айыппұл салынды
istockphoto.com

Астанада екі жүргізуші жол үстінде төбелескен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың бірі сотта өзінің такси жүргізушісі екенін, сол күні екінші сотталушымен жолды бөлісе алмай, көліктерін тоқтатып, ауызша жанжал бастап, содан кейін төбелескенін айтты. Сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірген.  

Екінші сотталушы ЖОО студенті екенін, жанжалдың мән-жайын растайтынын, кінәсін мойындайтынын, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта бір-біріне шағымдары жоқ.

Сот екеуін де кінәлі деп танып, екеуіне де 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары