Павлодарда екі жігіт ер адамды өлтіріп, подъезд баспалдағынан сүйреп түсірген

/
Павлодарда екі жігіт ер адамды өлтіріп, подъезд баспалдағынан сүйреп түсірген
istockphoto.com

Әлеуметтік желіде Павлодардың көп қабатты үйлерінің бірінде түсірілген жантүршігерлік видео тарап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі жігіт ес-түссіз жатқан, басы қан-қан болған ер адамды аяғынан сүйреп, подъезд баспалдағымен төмен түсірген. Жантүршігерлік оқиға Павлодардағы Қамзин көшесіндегі үйлердің бірінде болған.

Полиция кісі өлімін растады. Қазір қылмыстық іс қозғалған.

«Күдіктілердің кім екені анықталды. Біреуі ізін суытпай ұсталды. Екіншісін ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Павлодар облысының полиция департаменті.

Алдын-ала дерек бойынша адам өлімі ішімдік ішіп, соңы жанжалға ұласқаннан кейін болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары