Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды

/
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 — 519 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 26 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,24 теңге. Еуро — 584,82.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515,5 теңге. Еуро 584 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 589 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,06 — 6,19 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 25 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,07 теңгеге төмендеп, 515,03 теңге болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары