Баян Алагөзова Тұрсынбек Қабатовтың қайын жұртына сәлем жолдады (ВИДЕО)

/
Баян Алагөзова Тұрсынбек Қабатовтың қайын жұртына сәлем жолдады (ВИДЕО)

Танымал продюсер торғайлықтарға ыстық лебізін білдірді, деп жазды turkystan.kz.

Белгілі әзілкештің жұбайы Мөлдір Мұқан Баян Мақсатқызымен түскен видеосын әлеуметтік желіге жүктеді.

«Туған жеріме деген құрметімді Баян ханым сезіп қалды да, Торғайыма құрметпен сәлем айтып қуантып қойды. Қазақ еліне жасап жүрген, қазақ өнері арқылы жастарды да баурап, тарихи тұлғаларды ұлықтап жүрген ерекше жан екенін мойындатқан, мықты идеялардың авторы замандасым, Баян Мақсатқызы, шарықтай беріңіз. Әр қадамы, әр сөзі хит бола салатын, ерекше жан. Баян ханымның продюссерлігімен қазақты әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітова жайлы түсірілген телесериал маған ерекше әсер еткен туынды. Ютубтан сіз де қайта қарап шықсаңыз болады. Ұлы тұлғаларды дәріптеп, оны ұрпаққа жеткізе алған еңбекті жоғары құрметтеймін», - деп жазды Мөлдір Мұқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары