Ұлттық кітап күні үздік кітаптар анықталды

Ұлттық кітап күні үздік кітаптар анықталды

Биыл елімізде алғаш рет Ұлттық кі­тап күні атап өтілді. Бұл мерекені бел­гілеу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау қа­ласында өткен Ұлттық құрылтай ке­зін­де айтқан болатын. Мемлекет бас­шысы кітапқа сүйіспеншілік – маңыз­ды қасиет екенін нақтылап, жас­тар­дың кітап оқуға қызығушылығын арт­тыру арқылы оқырман ұлт қа­лып­тастырудың маңыздылығын атап өткен болатын. 

Биыл елімізде Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған ауқымды ша­ра­лар­дың бірі Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігі мен Астана қаласы Тілдерді да­мыту және архив ісі басқармасының ұйым­дастыруымен «Бейбітшілік және ке­лісім сарайында» өтті. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, танымал ақын-жазушылар, Мем­лекеттік сыйлық иегерлері, Парламент де­путаттары, мемлекет және қоғам қай­рат­керлері, баспасөз саласының өкілдері, об­лыс­тық кітапханалардың басшылары және шы­ғармашылық зиялы қауым қатысты. Салтанатты жиында Парламент Мәжі­лі­сінің Төрағасы Ерлан Қошанов құттықтау сөз сөйледі. 
– Сан ғасырлар өтсе де, кітаптың адам­зат үшін маңызы өзгерген жоқ. Бүгінде кі­тап – зияткер ұлт пен саналы қоғам қа­лыптастырудың негізгі құралына айналды. Қа­зір қолданып жүрген барлық технология, медицина, өнер бәрі де кітап оқу арқылы да­мыған. Сондықтан Мемлекет басшысы айт­қандай, кітап ұлттың рухани құнды­лы­ғына айналуға тиіс. Ұлттық кітап күнін атап өтудің басты мақсаты – осы, – деді Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ кітап нарығын жетілдірудің маңызды екеніне тоқталды.
– Біздің кітап нарығы әлі күнге дейін шет­елдік өнімдерге тәуелді. Әдеби, ғылыми жә­не жастардың сұранысына ие моти­вациялық кітаптардың көп бөлігі сырттан келеді. Тіпті, қазақ тілінде кітаптардың үле­сі жиырма пайыздан да аспайды екен. Мұндай жағдайдың салдары неге апарып соғатыны айтпасақ та түсінікті. Сондықтан Президентіміз Түркістандағы құрылтайда: «Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі ол – кітап шығару» дегенді баса айтқан бо­латын, – деді Мәжіліс Төрағасы. 
Салтанатты іс-шарада зиялы қауым өкіл­дерінің ғана емес, кітапханашылар мен баспагерлердің басын қосып, жыл бойы кітап басып шығару мен кітап сатуда жа­саған жұмыстарының еңбегін бағалаған Ұлт­тық байқау нәтижелері жарияланып, ма­рапаттау он номинация бойынша өткі­зілді. «Үздік комикс», «Балаларға арналған үз­дік кітап», «Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап», «Детектив жанрындағы үздік кі­тап», «Сатира жанрындағы үздік кітап», «Иллюстрацияланған үздік кітап», «Аудар­мадағы үздік кітап», «Фантастика жанрын­дағы үздік кітап», «Үздік баспа үйі» номи­на­циялар бойынша жеңімпаздар мара­пат­тарға ие болды. 
Салтанатты рәсім соңында Мәжіліс Спи­кері ұлттық байқаудың бас жүлдесі – «Жыл кітабы» Гран-приін табыстады. Бұл сый­лыққа «Қазақстанның тарихи тұлға­лары» сериясы үшін «Алматы кітап» баспа­сы ие болып,  оның президенті Гаухар Сай­ма­саеваға бес миллион теңгенің серти­фи­каты салтанатты түрде тапсырылды.
Баспагер Раиса Қадыр Ұлттық кітап кү­­нінің жариялануы зияткер ұлт болуы­мыз­ға септігін тигізеді деп отыр. Өзі бас­қа­ратын Steppe @ World баспасы негізінен әлем­нің балаларға арналған үздік туын­дыларын қазақ тіліне аударады.
 – Біздің баспа балаларға арналған әлем әдебиетінің қазақ тіліне аударып шы­ғара­ды. Соңғы 5 жылда 150-ден астам кітап басып шығардық. Шамамен 80 пайыз ба­лаларға арналған болса, 20 пайыз ере­сек­терге арналған көркем әдебиет. Бұл жолғы «Ұлт­тық кітап» байқауының көп номи­на­ция­сына ұсындық. Үш аталым бойынша жүл­деге ие болдық. Мұндай шаралар кітап оқу мәдениетін қалыптастырады, оқыған ел көштен қалмайды – дейді баспагер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары