Мемлекет басшысының өкімімен Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының екі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ол физика-математика ғылымдарының кандидаты. 2016 жылдан бері «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ бас директоры қызметін атқарған.
Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ол АҚШ-та ядролық реактор операторына лицензия алған бірінші қазақ.