Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

/
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Қазақстанда:

  • 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.
  • Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Футбол экожүйесін дамыту 

Мемлекет басшысы:

  • отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін  қалыптастыру; 
  • клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
  • Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

UEFA тарапынан қолдау

  • Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
  • UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.
Бөлісу: