Биылғы жылдың 25 ақпанында «Өскемен– Астана» рейсі ұзақ кешігіп, жолаушыларға қолайсыздық тудырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұшақ күндіз 8 сағаттан артық кешіксе де әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастырмаған.
Тек кешкі сағат онға қарай кезекші прокурор араласқаннан кейін жолаушыларға демалуға орын берілген. Жолаушылар күні бойы әуежайда отырған.
Шығыс Қазақстан Көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылғанына назар аударды.
Тексеру қорытындысы бойынша авиакомпания әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.