Астанада Министрліктер үйінің жанында ер адамды көлік қағып кетті

/
Астанада Министрліктер үйінің жанында ер адамды көлік қағып кетті
istockphoto.com

Елордада Министрліктер үйінің жанында жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлер оқиғаны таспаға түсіріп алған. Зардап шеккен адам жолда шалқасынан жатыр.

Астананың денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнына жедел жәрдем кеткенін, мамандар зардап шеккен адамға көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Зардап шеккен адамның жағдайы туралы әлі ештеңе белгісіз.

Астананың Полиция департаменті Достық көшесінде адам қағу фактісі бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Алдын-ала мәлімет бойынша Nissan автокөлігін тізгіндеген жүргізуші өтуге болмайтын жерден өткен ер адамды қаққан. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді», – деді полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары