Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түскен әкімге айыппұл салынды

/
Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түскен әкімге айыппұл салынды
istockphoto

Ақтөбе облысында қызғалдақпен суретке түскен әкім жазаға тартылды.

КТК телеарнасының мәліметінше Мұғалжар ауданындағы ауылдың бірін басқарып отырған Ләззат Бердібаева дала гүлін тарту еткен баласы үшін енді айыппұл төлейді.  

Құдайберген Жұбанов ауыл округінің әкімі табиғат аясында отбасы демалысынан суретті әлеуметтік желіге жүктеген бойда басы дауға қалды.

Қолындағы қызғалдағына көзі түскендер оның жазаға тартылуын талап етті. Ол тергеу кезінде «балам сыйлады» деп ақталумен болған. Енді баласының тәртібіне дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, 40 мың теңгеге жуық айыппұл өтеуге тиіс.

Тамырымен жұлынған қызғалдақтың бұл түрі Қызыл кітапқа енген-енбегенін тәртіп сақшылары әлі айта алмай отыр. Дегенмен айыппұлдан бөлек, Ләззат Бердібаева Әдеп кеңесінің алдында да жауап бермек.

Бөлісу: