Оксфорд университетінде ондаған жыл бойы ресми қабылдауларда адам бас сүйегінен жасалған тостаған қолданылып келген. Бұл жайлы Питт-Риверс музейінің профессоры, археолог әрі куратор Дэн Хикс өзінің жаңа зерттеуінде мәлімдеді. Оның «Every Monument Will Fall» («Әрбір ескерткіш құлайды») атты кітабы колониализмнің көлеңкесінде қалған адам қалдықтарының тарихын баяндайды.
Хикстің айтуынша, күміспен жиектелген және арнайы тұғырға орнатылған бұл ерекше тостаған Вустер колледжінде 2015 жылға дейін ресми кештерде пайдаланылып келген. Ал 2019 жылы колледж профессорды арнайы шақырып, тостағанның шығу тегін анықтауды тапсырған.
Археологиялық зерттеу нәтижесінде, тостаған шамамен 225 жыл бұрын өмір сүрген адамның бас сүйегінен жасалғаны анықталды. Қалдықтар Кариб теңізі аймағынан жеткізілген болуы мүмкін. Бұл артефакт алғаш рет 1883 жылы Sotheby’s аукционында сатылып, келесі жылы Питт-Риверс музейінің негізін қалаушы тарапынан сатып алынған.
1946 жылы тостағанды Вустер колледжіне өзінің атасы, музейді ашқан Джордж Питт-Риверс сыйға тартқан. Оның есімі тостағанның күміс жиектеріне ойып жазылған.
Колледж өкілдері бұл тостаған шынымен де ұзақ уақыт бойы қолданылғанын растады. Алайда 2015 жылы бұл тостаған университет мұрағатына жіберілген.