Көкшетауда үш жігіт таксисті қорқытып, үнемі ақша алып отырған

/
Көкшетауда үш жігіт таксисті қорқытып, үнемі ақша алып отырған
polisia.kz

Көкшетау қаласында үш жігіт жергілікті такси жүргізушісін бопсалап, қорқытып, үнемі ақша талап етіп отырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қысымға шыдамаған такси жүргізушісі полицияға жүгінген.

Полиция 24 және 29 жастағы үш күдіктіні кезекті рет ақша алып жатқан жерінде ұстады.

Қазір құқық қорғаушылар «Бопсалау» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Үш күдіктінің екеуі бұрын сотталған. Үшеуі де қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бөлісу: