Ақмола облысының соты ұлының оқуына әкесінен алимент өндіру туралы талап-арызбен жүгінген келіншектің ісін қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлы университеттің 1 курс студенті, күндізгі бөлімде оқиды. Анасы мен әкесі 2013 жылы ажырасқан. Әкесі ұлын университетте оқытуға өз еркімен көмек көрсетуден бас тартқан.
Ұлына кәмелетке толғанға дейін алиментті адал төлегенін айтып, талап-арызды мойындамаған.
Әкесінің басқа алименттік міндеттемелері жоқ, өз еркімен ұлын оқытуға қаражат бермеген, оны оқытуға алимент төлеу және басқа да шығыстар туралы келісім жасамаған.
Сот шешімімен келіншектің оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды. Енді әкесінен ұлы 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіріледі.