Абақтыға тыйым салынған заттарды алып кірмек болған келіншек ұсталды

/
Абақтыға тыйым салынған заттарды алып кірмек болған келіншек ұсталды
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында орналасқан №27 түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды turkystan.kz.

4 сәуір күні абақтыға ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматша азық-түлік салынған себет арқылы мекемеге роутер мен құлаққапты жасырын кіргізбек болған. Алайда бұл заттар мекеменің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес қатаң түрде тыйым салынған. Тексеру кезінде аталған заттар мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында анықталып, тәркіленді.

Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы 1-бөлігі (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру (беруге тырысу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құжаттар әрі қарай қарау үшін тиісті уәкілетті органдарға жолданды.

 

Бөлісу: