сенбі, 19 сәуір, 2025

Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

/
Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Сурет: ҰОК

Спорттық гимнастикадан Дохадағы (Қатар) Әлем кубогының кезеңінде Милад Карими алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті жариялады.

Екі жүлде де еркін жаттығу бағдарламасы бойынша Қазақстан қоржынына түсті.

Бұл бағдарламада үздік нәтиже көрсеткен Милад Карими 14.466 ұпай иеленіп, чемпион атанды.

Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлде еншіледі.

Үздік үштікті 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания өкілі Сэм Мостоуфи түйіндеді.

Айта кетейік, 18 сәуірде ат снарядындағы жаттығудың финалдық кезеңіне Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қатысады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары