"БАД"-ты дәрігердің нұсқауынсыз ішуге бола ма?

/
"БАД"-ты дәрігердің нұсқауынсыз ішуге бола ма?
istockphoto.com

Көпшілік ауырған жерін емдеп, денсаулығын дұрыстау үшін өз бетінше ем-дом жасап, түрлі дәрі-дәрмектерді өз бетінше ішкенді құп көреді. Дертіне шипа іздеген жандардың көп тұтынатыны – биологиялық белсенді қоспалар (БАД). Жұрт оларды тек ауруын емдеу үшін ғана емес, күш-қуатын арттыру үшін де ішіп жатады. Алайда ешкім ол қоспалардың құрамын тексермейді, дәрігерге барып, оларды ішуге бола ма, болмай ма деп сұрамайды.

Ал ағза – түрлі химиялық процес жүріп жататын күрделі құрылым. Витаминдерден бөлек микроэлементтер бар. Олар гормондарға да, жалпы бүкіл ағзаның жұмысына әсер етеді. Денсаулық дәруменнен басталады. Тіпті тістің босауына дейін әкеледі.⠀

Ағзадағы дәрумен мөлшері дұрыс болмайынша ұйқыңыз да, көңіл-күйіңіз де, өміріңіз де, энергияңыз да дұрыс болмайды. Ешқандай аурудан құлан-таза айықпайды. Спортпен де жарытып айналыса алмайсыз. Себебі дәрумен жетіспеген ағза оның орнын ұйқымен, тамақпен толтыруға тырысады, адам жата береді, талғамсыз жей береді. Себебі ағзада дефицит. 

Көпшілік күш-қуатты арттыру үшін жұрт мақтаған түрлі биологиялық белсенді қоспаларды алып іше бастайды. Ал негізі дәрумендерді де, биологиялық белсенді қоспаларды да өз бетіңізше алып ішуге болмайды. Себебі анализ тапсырып, тексермей жатып, ағзадағы дәрумен мөлшері қандай екенін білмейсіз. Бір дәруменді іше беріп, оның мөлшері нормадан көп болып кетсе, ол да жақсы емес.

Ең дұрысы – терапевт немесе эндекринолог маманға барып, В дәрумендер тобы, Д, С, Е, А, темір, кальций, калий, ферритин, фолий қышқылы, т.б. негізгі дәрумендерді тексертіп, дәрігер жазған дәрумендерді ғана алу керек. Сіздің анализіңізге сай дәруменнің таблетка, тамшы түріндегісінің қайсын ішкен дұрыс, қандай мөлшерде ішу керек, қанша уақыт ішу керек, дәрігер ғана біледі.

Дәріханадағы дәрумендер биологиялық белсенді қоспаларға қарағанда анағұрлым арзан. Ал биологиялық белсенді қоспалар екі-үш есе қымбат. Жаңағы тапсыратын анализ, дәрігердің қабылдауын, дәрумендердің ақшасын түгел қосқанда кей биологиялық белсенді қоспалардан арзан шығады.

Биологиялық белсенді қоспаны ішу үшін де алдымен дәрігерге барып, анализ тапсырып, ағзаңыздың жағдайын білуіңіз керек. Сосын белсенді биологиялық қоспаларды ішіп болғаннан кейін қайтадан барып анализ тапсырғанда ғана сіз ол қоспалардың ағзаңызға әсерін анық біле аласыз. Қоспаларды ішкенге дейін және ішкеннен кейін анализ тапсырмасаңыз, оның пайдасын да біле алмайсыз. Ол тіпті зиян болуы мүмкін. Өз бетіңізше ішіп, ол оның ағзаңызға барып, қалай әсер етіп жатқанын қайдан білесіз?

Ал негізі дәрігерлер ешқандай емге белсенді биологиялық қоспаларды бермейді. Медицинада оған тыйым салынған.

Бөлісу: