сенбі, 19 сәуір, 2025

Алматыда мұғалімдерге мәжбүрлі түрде концертке билет алдыртқан

/
Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев колледж оқытушыларына «Алатау серілері» тобының концертіне билет сатып алуға мәжбүрлеу фактісі туралы мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, бірнеше оқырман бір күнде хат жолдап, Алматыдағы кейбір колледждерде оқытушылар мен студенттерден 5000 теңгеден жинап жатқанын жазған. «Мұғалімдерді билет алуға міндеттеу – заңсыз әрекет. Республика сарайына адам жинау үшін ұстаздарға салмақ түсіру дұрыс емес», – деді депутат.

1 мамырда өтетін концертке байланысты туындаған жағдайға қатысты топтың ресми өкілі де пікір білдірді. Оның айтуынша, концерт ұйымдастырушылары тарапынан мәжбүрлеу болмаған.

«Колледж басшысы 100 билет алған. Кейін дау туындаған соң билеттер қайтарылып, ақшасы иелеріне өтеледі. Біз ешкімді билет алуға мәжбүрлеген жоқпыз», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары