сенбі, 19 сәуір, 2025

Президент «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

/
Ақорда

2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған.

Кездесуде: 

– Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлары қарастырылды;

– компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды;  

– мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

  • Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді;
  • жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті. 

Даниил Шулейко: 

  • платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді;
  • Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндады;
  • AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары