сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Алматы тұрғынынан 21 келі есірткі тәркіленді

/
polisia.kz

Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді, - деп хабарлайды turkystan.kz.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады. Фитозертхана ұйымдастырылған.

Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдік, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді.

Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер – марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Мұндай арнайы іс-шаралар "Профилактика жылы" аясында есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша полицияның жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Дер кезінде ден қоюға, қызметтер арасындағы белсенді өзара іс-қимылға және жедел ақпаратты тиімді пайдалануға баса назар аударылады, - деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Бөлісу: