сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

«Ең жиі қойылатын сұрақ»: Дина Төлепберген жұбайымен арақатынасы жайлы айтты

/
Ашық дереккөзден

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген күйеуімен қарым-қатынасы жайлы сөз етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Журналист желі қолданушыларына екінші жартыларымен ортақ тіл табысу жолдарын айтты.

«Махаббат - ең маңызды сөз. Ең түсініксіз сөз де осы. «Үйленгеннен кейін махаббат қайда кетеді?», маған ең жиі қойылатын сұрақтың бірі осы шығар. Өзімнің кітап клубымда Гәри Чәпманның «Махаббаттың бес тілі» атты кітабын оқи бастадық. Автордың пікірінше махаббаттың бес тілі бар. Оның қайсысы Сіздің жұбыңыз үшін ең маңыздысы? Міне, соны білу керек.  Мәселен, менің күйеуім бірінші және бесінші тілді жақсы түсінеді. Ал маған үшінші және төртіншісі маңыздырық. Жарыңызбен ортақ махаббат тілін табуыңызға тілектеспін», - деді журналист.

Айта кетейік, Дина Төлепберген хейтерлерге жауап қайтарған болатын.

Бөлісу: