Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тыйым салынған діни бірлестік өкілдерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесу мақсатында Алматыда арнайы іс-шара жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бір топ адамдар заңға қайшы әрекет жасап, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, діни әдебиеттерді, соның ішінде цифрлық ақпарат құралдарында материалдарды таратқаны белгілі болды.
Жедел іс-шаралар барысында заңсыз әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тыйым салынған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.