жұма, 18 сәуір, 2025

Заң мен тәртіп: ШҚО-да студенттер арасында пікірталас турнирі өтті

/
gov.kz

«Заң мен тәртіп» нарративін ілгерілету аясында Шығыс Қазақстанда ЖОО студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта пікірталас турнирі өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған турнирді Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және С.Аманжолов атындағы ШҚУ бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шара жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыруға және студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара болды. Пікірсайыс барысында өңірдегі үш оқу орынның студенттерінен құралған «Парасат» және «Әділет» командалары С.Аманжолов атындағы ШҚУден, «АнтиКоррупция» Д.Серікбаев атындағы колледжден және ҚАЕУтен «Ta-Too» командасы қатысып, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы теориялық білімдерін көрсетіп, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты дәлелді ой алмасты.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, оқытушылар мен сарапшылар төрешілік етіп, модераторлар ретінде сөз сөйледі. Бұл қатысушыларға негізгі мәселелерді талқылап қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық тетіктері бойынша практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.

Турнирдің маңызды сәттерінің бірі сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтау мен жолын кесуге байланысты нақты кейстерді талқылау болды. Студенттер белсенді пікірталас жүргізіп қана қоймай, мәселені шешудің мүмкін жолдарын ұсынды.

Жарқын пікірталастың нәтижесі бойынша, турнир жеңімпазы С.Аманжолов атындағы ШҚУдің «Парасат» командасы атанды.

Осылайша, аталған шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді құралы болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары