жұма, 18 сәуір, 2025

Павлодарда баланы алдыңғы орындыққа отырғызған жүргізуші жазаланды

/
polisia.kz

Павлодарда баланы алдыңғы орындықта тасымалдаған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды turkystan.kz.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, көлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзу фактілерін анықтайды.

Павлодар қаласында әлеуметтік желілерді бақылау барысында Н.Назарбаев көшесінде жүргізуші баланы алдыңғы орындыққа отырғызып, алып жүргені белгілі болды.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану жөніндегі талаптар сақталмағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары