бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Антикор: Астанада Департамент директорының экс-орынбасары күдікке ілінді

/
istockphoto.com

Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

«Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған.

Тергеу жалғасуда», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары