Үкімет депутаттардың қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады. Жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша қосылған құн салығының шегі 40 миллион теңге болады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.
Жоба былтырғы қыркүйектен бастап қаралуда. Биыл оған тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. Ең алдымен, барлық депутаттар мен фракцияларға атқарған жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді. Бірінші – қосылған құн салығы 16% болады. Екінші – қосылған құн салығының шегі. Қосылған құн салығы бойынша шек 40 млн. теңге мөлшерінде белгіленеді, – деді ол.
Дегенмен, бірқатар сала ҚҚС-тан босатылады немесе жеңілдік қарастырылады.
Үшінші – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Төртінші – әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады, – деді Серік Жұманғарин.