Ақтөбеде «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зардап шеккен 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421 млн теңгеден астам қаражат салған. Алайда компания Ақтөбе қаласында 2 үйді салмаған.
Облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыстары бар, олар бойынша 745 жәбірленуші, залал – 5,6 млрд теңге.
Өткен жылы 5 құрылыс компания басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып 6 жылға сотталды.
Прокуратурамен, азаматтық тәртіпте соттарға 2 талап-арыз жолданды, яғни 159 үлескердің мүддесі үшін, сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, үлескерлердің пайдасына 2 млрд теңге өндіру талап етілген. Одан басқа, 600 үлескердің мүддесі үшін тағы 6 талап-арыз жолданады. Бұл туралы облыс прокуроры Марат Әбішев атап өтті.