бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Шу қаласында көпқабатты үй өртеніп, 180 адам эвакуацияланды

/
112

Жамбыл облысы Шу қаласында бес қабатты тұрғын үйде пәтерде өрт болды.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

 «Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері хабарлама түскен сәттен кейін 4 минуттан шақыру орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде өрт үйдің шатырына таралып кеткен еді. Кеш хабарланғандықтан, өрт үлкен аумақты қамтыды.Қызметкерлер өртті сөндіруге кірісті және сонымен бірге тұрғындарды эвакуациялады. Барлығы 180 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ 4 газ баллоны далаға шығарылды. Өрт орнында үздіксіз су беру ұйымдастырылды. Оқиға орнынан 1 шақырым қашықтықта мектеп базасында эвакуациялау пункті ашылды.Қабылданған шаралардың арқасында оттың бесінші қабатта орналасқан пәтерлерге таралуына жол бермей, өрт алдын ала 750 ш. м. алаңда сөндірілді», – делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі  анықталуда.

Бөлісу: