Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті азамат ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға өткен сенбі күні болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші шлагбаумның уақытында ашылмағанына ашуланып, сигнал бере бастаған. Күзетші тарапынан жасалған ескерту ер адамның ашуын тудырып, ол жұдырық ала жүгірген.
Салдарынан күзетші түрлі дене жарақаттарын алып, дереу ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол амбулаториялық ем қабылдау үшін жергілікті емханаға жіберілген.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілмек.