Талғар ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 100 млрд теңгеден астам қаржы салған және 1 мың жұмыс орнын ашқан ірі инвесторлардың құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдары «Evergreen Investment» ЖШС демалыс аймағын салу үшін қажетті рұқсат құжаттарын негізсіз бермеген.
Прокуратура араласқаннан кейін инвесторға қажетті рұқсат қағаздары берілді.
Сонымен қатар, «Маревен Фуд» ЖШС банктік шотына жеке сот орындаушысы тарапынан азаматтық іс бойынша талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында заңсыз тиым салу фактісі анықталды.
Талап арызын өтеу үшін жеткілікті қаражаты бар бөлек шотың болғанына қарамастан, сот орындаушысы компанияның барлық қаражатқа ерікті түрде тиым салып, оның қызметін тоқтатты. Прокуратураның наразылығынан кейін тиым салу алынып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.