Бейнеу ауданындағы балабақшада 12 млн теңге жымқырылған

/
Бейнеу ауданындағы балабақшада 12 млн теңге жымқырылған
istockphoto.com

Бейнеу ауданының прокуратурасы тексеріс барысында «Куйкен» балабақшасында қаржылық саласында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, мекеме директоры мен есепшісі ата-аналармен төленген қаражатты өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған факті бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.

Есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Келтірілген залал толық көлемде өтелді", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары