сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне бағалы сыйлық берді

/
instagram

Ол қымбат әшекей-бұйымдарын жақсы көретін адамдарына таратып жатқанын мәлім етті.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнерлі жұп Бүркіт пен Аишаның көршісі екенін айтып, үйінде қонақ болды.  

«Алтын көршілерім Бүркіт пен Аишаның шаңырағына айттап барып, ата-анасының батасын алып қайттық. Саяттың қоңыр даусымен тіптен жақсы демалдым. Аман болыңдар, көршілерім!», – деп жазды әнші.

Кейін өнер иесі Аишаға ерекше сыйлығын тарту етті.

«Жақсы көретін кулоным бар еді. Соны өзіңе сыйлағым келеді. Ұлттық нақышта жасалған. Өте әдемі. Менің көзімдей етіп, тағып жүр. Менде мұндай әшекей бұйым көп. Бриллианттардан үй соғамын ба, жақсы көретін адамдарыма таратып жатырмын», – деп ағынан жарылды халық әртісі.

Бөлісу: