сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Ертең еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

/
istockphoto.com
Мамандар азаматтарды сақ болуға және сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы болжамын ескеруге шақырады

Қазгидромет синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетіні жөнінде ескертті. Алдағы тәулікте тұрғындарды тұман, дауылды жел және шаңды боран күтіп тұр. Кейбір облыстарда жауын-шашын болып, жолдарда көріну қашықтығы нашарлауы мүмкін.

Мамандар азаматтарды сақ болуға және сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы болжамын ескеруге шақырады.

Алматы облысында 31 наурыз түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі, бұл жолдағы көріну қашықтығын айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Жетісу облысынде күндіз өңірдің шығысында шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел күтіледі, ал шығыс бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталық бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді. Ақтауда да шаңды дауыл болып, желдің екпіні 22 м/с дейін жетуі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде түнде жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Жамбыл облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Тараз қаласында да түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Атырау облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетті, ал Атырау қаласында желдің екпіні 18 м/с дейін тіркелді.

Бөлісу: