ТЖМ құтқарушылары жыланды ұстады
Тараз қаласындағы сауда үйлерінің бірінің қызметкері 112 пультіне қоңырау соғып, ғимаратта жылан жүргенін хабарлаған.
Сауда орталығына келген құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен жыланды ұстап, елді-мекеннен алыс, қауіпсіз жерге жіберді.
ТЖМ жылан табылған кезде адамдарды ғимараттан шығарып, жануарды құлыптап, құтқарушыларды шақыру керектігін айтады. Жыланды өздігінен ұстау әрекеті қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.