Мазмұны
Прокуратура органдары пайдаланылмаған жерлерді анықтап, қайтару бойынша жүйелі жұмыс атқарып жатыр, деп жазады turkystan.kz.
2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт аясында жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мыңга Теке көлін бергені анықталды.
Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған. Бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкеліп соққан.
Бұдан бөлек «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылданған шараларымен жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылды. Кадастрлық құны 26,7 млрд теңгені құрайтын жалпы ауданы 21,5 мың га ащы — тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.