Жалпы 17 мың шаршы метрден астам аумақ қамтылды.
Мазмұны
Қостанай облысында су тасқынының алдын алу үшін мұз жару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады turkystan.kz.
Алдын алу шаралары шеңберінде кептелістерді болдырмауға және тасқын суларды кедергісіз өткізуге бағытталған бақыланатын жарылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жарылыстар Қарабалық ауданындағы Тоғызақ өзенінде, Алтынсарин ауданындағы Талы көлінде, Ұзынкөл ауданындағы Қараөзенде және Меңдіқара ауданындағы Обаған өзенінде жүргізілді. Жалпы 17 мың шаршы метрден астам аумақ қамтылды.
Су тасқыны қаупі бар аймақтардағы жағдайды тұрақтандыру үшін мұз жару жұмыстары жалғасады.