Бүгін Талғардың сол жақ бетінде, Богданович мұздығы асуының жоғарғы жағында үш фрирайдер қар көшкінінің жүруіне ықпал етіп, үйінді астында қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бір адам қаза тапты.
Оқиғаның мән-жайын Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі айтып берді.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 нөміріне "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының диспетчерінен курорттан 1 шақырым жерде орналасқан Комсомол шыңы аймағында қар көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түскен.