Зардап шеккендер жоқ
16 наурыз күні таңертең Тараз қаласындағы зауыттардың бірінде электр трансформаторы өртенді. Өрт 60 шаршы метр аумақты қамтыды.
Өрт сөндірушілер ауа-механикалық көбік қолданып, қызыл жалынды толықтай өшірді. Олардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.