Құрылтай мүшелері Ішкі саясат тұжырымдамасын ұсынды

Құжатта құзырлы органдар мен мүдделі тараптардың қызметі бір арнаға тоғысуы керек.

Құрылтай мүшелері Ішкі саясат тұжырымдамасын ұсынды
Aqorda
Автор
Админ
207

Ұлттық құрылтай мүшелері ішкі саясат тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға бұл жобаны жан-жақты зерделеп, барлық мәселені пысықтауды тапсырды.

«Ұлттық құрылтай мүшелері – Еділ Жаңбыршин, Айдос Сарым, Никита Шаталов, Гүлмира Илеуова, Андрей Чеботарев, Данияр Әшімбаев, Марат Шибұтов және басқа да азаматтар осындай ұсыныс айтты. Олар өз бастамасын іске асырып, ішкі саясат тұжырымдамасының жобасын да әзірледі. Мемлекеттік органдар бұл жобаны жан-жақты зерделеп, барлық мәселені пысықтауы қажет. Құжатта құзырлы органдар мен мүдделі тараптардың қызметі бір арнаға тоғысуы керек. Онда мемлекеттік идеология жұмысының мақсат-міндеттері мен басымдықтары нақты белгіленуге тиіс. Тұжырымдамада халқымыздың бірегей болмысын, өмір салтын сипаттайтын жалпыұлттық құндылықтар мен негізгі нышандар айқын көрсетілуі керек. Бұл, ең алдымен, осы құндылықтар мен нышандарды қоғамда орнықтыру, оларды кеңінен дәріптеу және қорғау үшін қажет» – деді Президент.

 

 

Серіктес жаңалықтары