Есірткімен күреске қатысты жаңа құжат дайындалады

Есірткімен күреске қатысты жаңа құжат дайындалады
istockphoto.com
Автор
Админ
181

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы кешенді жоспардың мерзімі биыл бітетіні туралы мәлімдеді.

«Ел болашағы үшін айрықша маңызы бар салалар бойынша жұмыс үздіксіз жалғасуға тиіс. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы кешенді жоспардың мерзімі биыл бітеді. Бұл құжат 2023 жылы әзірленген. Мұндай жоспар елімізге қажет екені анық. Өйткені осы қауіпті кеселге қарсы күрес – өте маңызды мәселенің бірі. Жаңа құжатты дайындауға қазірден бастап кірісу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары