Құрылтай мүшелері қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп жүр

Біз азаматтардың тұрмысына қатысты мәселелерді алдағы уақытта да көтереміз, ең бастысы, бұл проблемаларды шешетін боламыз

Құрылтай мүшелері қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп жүр
Akorda
Автор
Админ
195

Біз азаматтардың тұрмысына қатысты мәселелерді алдағы уақытта да көтереміз, ең бастысы, бұл проблемаларды шешетін боламыз. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтты.

«Жалпы құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерді үнемі көтеріп жүр.

Бәрін сынап-мінеп отыратын бәзбіреулер басты түйткіл – бұл емес, мемлекет назар аударуға тиіс басқа да проблемалар бар деуі мүмкін. Азаматтарымыз күнделікті тіршілікте  көптеген қарапайым түйткілге тап болады. Оны елемей, назардан тыс қалдыру дұрыс емес екенін ескерген жөн.

Біз азаматтардың тұрмысына қатысты мәселелерді алдағы уақытта да көтереміз, ең бастысы, бұл проблемаларды шешетін боламыз», – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары