Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Үкіметке өңірлердегі еңбек нарығына көңіл бөліп, бұл мәселеге мұқият болуды тапсырды.
«Дмитрий Павленко дұрыс мәселе көтерді. Кәсіби техникалық колледждер жаңа мамандықтарға сұранысты және еңбек нарығындағы жағдайды ескеруге тиіс. Сарапшылардың айтуынша, біраз жылдан соң солтүстіктегі халықтың саны едәуір азайып, оңтүстіктегі тұрғындар әлдеқайда көбеюі мүмкін. Бұл – өте өзекті мәселе. Себебі аймақтардың еңбек нарығында теңсіздік одан әрі ушыға түседі деген сөз. Осы мәселемен Үкімет мұқият айналысуы керек. Қостанайдағы колледждің тәжірибесін солтүстік аймақтарда кеңінен қолдану қажет» – деді Президент.