181
Қазақша ұлттық мультфильмдер керек – Тоқаев
Жақында «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильм жарық көрді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ұлттық мультфильмдердің қажеттілігіне баса назар аударды.
«Жақында «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильм шығыпты. Бұл өскелең ұрпаққа әйгілі тарихи тұлға Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беретін өте жақсы туынды деп айтуға болады. Қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек», – деді Президент.