сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген компанияға 2 млн теңге айыппұл салынды

/
istockphoto.com

Қостанай облысы Қамысты ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жоспардан тыс тексеру жүргізіп, өрт қауіпсіздігіне қатысты 50 бұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған бұзушылықтарды жою үшін ЖШС-ға 2 ай уақыт берілген.

Тексеру кезінде ЖШС 39 тәртіп бұзушылықты жоймағаны анықталды.

ЖШС – аудан тұрғындарының басым көпшілігі жұмыс істейтін, әлеуметтік маңызы жоғары және оның тоқтатылуы жұмыскерлер мен олардың отбасыларына кері әсерін тигізетін ірі кәсіпкерлік нысаны.

Осы жағдайда сот ЖШС-ның қызметін тоқтатпау туралы шешім қабылдады және 2 млн теңге (500 АЕК) айыппұл салумен шектелді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: