146
Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаланды (ВИДЕО)
Құқық бұзушыларды ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілді.

Шымкентте жол ережесін өрескел түрде бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды.
Түнгі уақытта қала көшелерінде жүйткіп, жол қозғалысына қауіп төндірген 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдердің әрекеті ЖБО камераларына түсіп қалды.
Құқық бұзушыларды ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілді.
Жастар ӘҚБтК-нің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Қолданыс талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айып тұрағына жеткізілді.
Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!