ТЖМ қар көшкініне байланысты ескерту жасады

Көшкін белсенділігі күшейетін ең қауіпті кезең – қыстың басы мен көктемнің басы.

ТЖМ қар көшкініне байланысты ескерту жасады
Автор
Админ
135

Республика аумағында көшкін қаупі бар 619 учаске бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса қауіпті аудандар саналады.

Көшкін белсенділігі күшейетін ең қауіпті кезең – қыстың басы мен көктемнің басы.

Ең қауіпті аймақтарда тұрғындар мен туристер үшін тәуекелдерді азайту мақсатында алдын алу шаралары, соның ішінде қар көшкінінің алдын алу шаралары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары