сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қайрат Нұртас анасымен бірге сахнада ән салды (ВИДЕО)

/
Белгілі продюсер ұлымен бірге ән шырқаған.

Гүлзира Айдарбекова ұлына тіл тигізетіндерге жауап берді, деп жазды turkystan.kz.

«Анасын құрметтеген ұлдың несібесін Алла реттеп қояды. Иә, бәрі емес бірақ арасында «мамасының баласы» деп мұқатып отыратындар жеткілікті, сонымен қатар ақылшы блогерлер де көбейіп кетті, өздері келін алмай жатып, жас келіндерді улап, шаңырағын шайқалтып отырғандар, сіздің ажырасуыңызға көмектеседі. Ары қарай қиналатын сіз және жазықсыз балаларыңыз. Ақымақ адамға арамза молда үшін сіздің ақшаңыз ғана керек, болмаса сіздің бақытыңызды көре алмайтын қоршаған ортаңыздың азғыруынан алшақ болыңыз. Байқап қарасаңыздар, әйел азаматшалардың өз анасында мін жоқ, неге ерлерінің аналарына келгенде мінді көп айтқышпыз, күйеуін сондай көзқарасқа, кері пікірге итермелегенге, өз анасына суық қарап иланып жүрген ақымақ еркектер аз емес. Бәлкім дұрыс емес көзқарастағы енелер де бар шығар, дегенмен бүкіл ана атаулы ұрпағымыздың тілекшісі деп қабылдап жылы сөзін арнаса, анаға деген құрмет өзгерер ма еді… Мейлі, айтқандар айта берсін, жұмақтың кілті қайда? Мақтансақ ұрпағымызбен мақтанайық, барша аналардың көз жасы тек жақсылықтан болсын!»,  – деді продюсер әлеуметтік желіде.

 

Бөлісу: