дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Қызылордада «Жұмысшы мамандықтарға жаңа мүмкіндік» атты жәрмеңке өтті

/
Жәрмеңке өткізудің мақсаты – жұмыссыз жастарға жұмыс беруші мекемелермен сұхбаттасуға мүмкіндік беру.

Мазмұны

    Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, Қоғамдық даму басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, Еңбек мобильді орталығы және «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтарға жаңа мүмкіндік» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

    Іс-шараға арнайы қатысқан Қоғамдық  даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов пен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс берушілерге ризашылық білдіріп, жұмыс іздеушілерге сәттілік тіледі.

    Аталған шараға Қорғаныс министрлігінің Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі депатраменті, ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті,  «Отбасы Банкі» АҚ  Қызылорда облысы бойынша филиалы, облыстық «Жастар денсаулық орталығы» КММ-сі, Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары қатысып, жастарға өз салалары бойынша бағыт-бағдар, түрлі кеңестер берді.

    Жәрмеңке өткізудің мақсаты – жұмыссыз жастарға жұмыс беруші мекемелермен сұхбаттасуға мүмкіндік беру. Оқу бітіруші түлектерге өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға жағдай жасау және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру болып табылады.

    Іс-шара барысында жұмыссыз жастарға арнайы 33 мекемеден 150-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. «Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы», – деп белгіледі.

    Мұндағы мақсат – еңбек адамдарына құрмет көрсету мен олардың еңбегін дәріптеу. Шыны керек, технология дамығанымен әр мамандықтың өз сұранысы болады.  Бүгінгі жәрмеңкенің «Жұмысшы мамандықтарға жаңа мүмкіндік» деп аталуының сыры осында. Мұнан бөлек, «AMANAT» партиясының қолдауымен түсірілген «Еңбек адамы» деректі фильмі көрсетіліп жатыр. Атап өту керек, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бүгінҚызылорда қаласының бірнеше мөлтек аудандарында да ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатын болады»,- деді жәрмекеге қатысып, жұмыс берушілермен тілдескен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.

    Бөлісу: